Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар адамдардың өлер алдында не сезетінін анықтады

Опубликовано:

Норвегия және Дания елдерінің ғалымдары адамдардың 10 пайызы о дүниеге аттанар алдында мистикалық күй кешетінін дәлелдеген деп хабарлайды MedicalXpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru
Көрнекі фото: Life.ru: Facebook

Олардың айтуынша, мұндай күйді жолкөлік оқиғасына немесе суға батқан адамдар сезінеді екен.

"Мистикалық күйді тіпті өміріне еш қауіп төнбеген адамдар да сезген екен. Олар кей жағдайда уақыттың тым тез өтіп кететінін, үнемі ой үстінде жүретіндігін және тәні мен жаны бірге екенін сезе алмайтындай күй кешеді.
Оған қоса кейбірінің көзі көрмей, көздеріне елес елестеуі мүмкін", - дейді ғалымдар.

Зерттеушілер зерттеуге 35 елден 1034 адам қатысты дейді.

"Бір қызығы кей адамдар зерттеу барысында періштелердің дауысын естіп, түбі жарық көрінетін құбырда жүретіндей сезінген екен. Ал кейбірі жандарында әлдебіреу тіпті шайтан тұрғандай сезілді деген әсерлерімен бөлісті.
Жалпы зерттеуге қатысқандардың 73 пайызы өлім алдында не болатынын сезінудің өзі қорқынышты деп жауап берді", - дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802722-galymdar-adamdardy-ler-aldynda-ne-sezetinin-anyktady/

pixel