Ресейдің тереңсу аппараттында болған өрттен 14 сүңгуір қаза тапты
Опубликовано:
Ресейде тереңсу аппараттында болған өрт кезінде 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейді қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 шілдеде болған.
Су асты құрылғысында биометрикалық өлшеу жүргізу барысында өрт шыққан.
Әлемдік мұхит тұңғиығы мен су асты кеңістігін зерттеуге арналған аталған су көлігі Ресей Әскери-теңіз флотына тиесілі.
Ресейдің қорғаныс министрлігі 14 теңізші-сүңгуір жанған заттардан уланып, қаза тапқанын растады.
Команданың жедел әрекет етуінің арқасында өрт ошағы уақытында ауыздықталған.
Суасты көлігі Мурманск облысындағы Североморск әскери-теңіз базасына жеткізілді.
Тергеуді Ресейдің әскери-теңіз флоты бас қолбасшысы Николай Евменов өз бақылауына алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802788-resejdi-skeri-teiz-floty-tere-su-asty-krylgysynda-14-sguir-kaza-tapty/