Белгілі миллиардер тікұшақ апатынан қаза тапты
Опубликовано:
Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн да болды деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Америкалық биліктің мәліметінше, қайғылы жағдай бейсенбі, 4 шілде күні таңертең болған.
Тікұшақ Багам аралдарының солтүстігіне жақын жерде Атлант теңізіне құлаған.
Апат әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін орын алған. Бортта болған жеті адамның ешқайсысы тірі қалмаған.
Қаза болғандардың арасында көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн болғаны белгілі болды.
Ол жақында 62 жасқа толатын еді.
Тікұшақта болған Клайннан бөлек, алты адамның аты-жөндері анықталуда.
Forbes журналының мәліметіне сәйкес, қаза тапқан көмір магнатының 2000 жылдардың басында байи бастаған.
Клайнның өлер алдындағы қаржысы 1,8 миллиард долларды құрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803297-belgili-milliarder-tiksak-apatynan-kaza-tapty/