Өзбекстанда ит қапқан 9 жастағы бала қайтыс болды
Опубликовано:
Өзбекстанның Самарқанд қаласында 9 жастағы баланы ит қауып, соның салдарынан мектеп оқушысы 3 шілде күні көз жұмған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Тұрғындардың сөзінше, баланы бір ай бұрын ит тістеген. Алайда ата-анасы оған мән бермепті.
22 маусымда баланың қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер иттен жұққан құтыру диагнозын қойыпты. Мектеп оқушысы 3 шілде күні көз жұмды.
Самарқанд облыстық жұқпалы аурухана өкілдері баланың қанын тексеру үшін Ташкенттегі вирусологиялық ғылыми-зерттеу институтына жіберген.
Нәтижесі дайын болмағаны хабарланды.
Самарқанд өңірінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығы тұрғындарға үй жануардарының бәрін мал дәрігеріне көрсетуге кеңес беруде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803315-zbekstanda-it-kapkannan-9-zastagy-bala-kajtys-boldy/