Төрт миллиондық төстартқыш киіп шыққан сәнбике ерлерді естен тандыруда

Опубликовано:

28 жастағы Жасмин Тукс бүгінде сән әлемінің жарқын жұлдыздарының бірі. Мінсіз мүсінді сәнбикеге қыздар қауымы еліктесе, ерлер оның асқан сұлулығынан естен тануда. Бойжеткеннің модельдік жолындағы нағыз жұлдызды сәті 2016 жылы орын алды. Ол кезде ару құны төрт миллион тұратын төстарқышты подиумға киіп шыққан деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Модель 1991 жылы Хантингтон-Бич қаласында дүниеге келген. Жасмин кішкентай кезінен бастап волейбол, футбол және гимнастиамен шұғылданып келеді. Оған қоса, ол бала кезден бастап, атақты сәнбике болуды армандайды.

Сән әлеміне алғашқы қадамын ол 15 жасында бастап, 19 жасында алғашқы келісімшартқа қол жеткізген.

Бүгінде Жасмин Тукс модельдік мансабының шыңына шықты деуге болады. 28 жастағы ару 2015 жылдан бері әйгілі «Victoria’s Secret» іш киім шығаратын сән үйінің моделі болып саналады.

Одан бөлек, ол Gianfranco Ferré, Salvatore Ferragamo, Balmain, Burberry, Calvin Klein, Carolina Herrera және тағы да басқа көптеген дизайнерлермен жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803607-trt-milliondyk-tstartkys-kiip-sykkan-snbike-erlerdi-esten-tandyruda/