Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гонконг билігі күдіктілерді Қытайға бермейтін болды

Опубликовано:

Гонконг басшысы Кэрри Лам "күдіктілерді Қытайға беру туралы заң" жобасы мүлде қаралмайтынын, толық жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады деп жазады Азаттық.

Кэрри Лам. Фото: dneprcity.net
Кэрри Лам. Фото: dneprcity.net: Depositphotos

Кэрри Лам 9 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында көпшіліктің қарсылығын туғызған құжатты қабылдау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.

Лам Гонконг халқына уәде беріп, бұл заң жобасы жайлы енді сөз болмайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Гонконгта бір айдан бері халық "күдіктілерді Қытайға беру туралы заң жобасына" қарсы наразылыққа шығып жатыр.

Заң жобасына сай, Гонконг аумағында жүрген адамды Бейжің қандайда бір қылмысқа күдікті деп тапса, Гонконг ол адамды Қытай, Макао немесе Тайпейге экстрациялауы тиіс.

Наразылар "бұл заң қабылданса, Бейжіңді сынаушылар, Қытайдағы қысымнан қашып, Гонконгке келгендер, тіпті туристер зардап шегеді" деп санайды.

Ал билік бұл заң жобасы "Гонконгке қашып, бас сауғалайтын қылмыскерлердің" санын азайтады деген. Заң жобасын Қытай ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803849-gonkong-biligi-kdiktilerdi-kytajga-bermejtin-boldy/

pixel