Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Душқа линза киіп түскен жігіт жанарынан айырылды

Опубликовано:

Ұлыбританияның Шрусбери қаласының 29 жастағы тұрғыны Ник Хамфрис душқа түсер алдында көзіндегі линзасын шешуді ұмытып кеткен. Салдарынан оның оң жақ көзі көру қабілетінен айырылған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Ник 2018 жылдың басында оң жақ көзінде тыртықтың барын байқап қалған. Сол кезде дәрігерлер ер адамға акантамебалық кератит диагнозын қойған.

Дәрігерлер адамның оң көз қарашығынан Acanthamoeba түріндегі амебаны тапқан. Олар контакті линзалардың сумен жанасуынан пайда болатын жаралар арқылы көзге енеді.

Хамфрис бактерияларды жоятын көзге арналған тамшыларды қолданған. Алайда, ол көлік айдап келе жатып кенеттен жанарынан айырылды. Ер азамат сол күйі көзін қалпына келтіре алмапты.

Ол бірнеше ота жасатты. Қазіргі уақытта инфекцияларды жоя алатын қарашықты трансплантациялау отасы күтілуде.

Хамфристің сөзінше, ол душта линза киіп түсудің неге әкеп соғатынын, тіпті, ойламаған.

"Шынымды айтайын, істің немен аяқталарын білгенімде, ешқашан линзаны кимейтін едім", - дейді Ник.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1804003-duska-linzy-kiip-tsken-zigit-zanarynan-ajyryldy/

pixel