Әйелдердің жиі эротикалық түс көретіні рас па?
Опубликовано:
Ғалымдар бүгінде әйел адамдар осыдан 50 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда, эротикалық түсті үш есе артық көретінін дәлелдеді. Мұндай зерттеу Psychology & Sexuality журналында жарияланған деп хабарлайды med.vesti.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зерттеушілер 3000-нан астам адамның арасында онлайн cауалнама жүргізген.
Оның нәтижесі бойынша адамдардың 83%-дан астамы түс көретіні, ал 47%-ы эротикалық түс көретіні анықталған.
Осылайша олар әйелдердің 16%-ы мен ер адамдардың 21%-ы эротикалық түс көретініне көз жеткізген.
"Әйелдер осыдан 50 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда, жыныстық қатынас жайлы көп айтатын болған. Сәйкесінше нәзік жандылардың эротикалық түс көру көрсеткіші бүгінде үш есеге артқан", - дейді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1804219-jelderdi-zii-erotikalyk-ts-kretini-ras-pa/