Секс-символдар: Мінсіз мүсінімен елді естен тандырған актерлер бүгінде қайда жүр?

Опубликовано:

Осыдан бірнеше жыл бұрын миллиондаған нәзік жандының жүрегін жаулаған актерлер бүгінде адам танымастай өзгеріп кеткен. bigpicture.ru өткеннің секс-символдарының қазіргі өміріне шолу жасап көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Көпшілікке атақты "Бэтмен" ролімен танылған Вэл Килмер осыдан сан жыл бұрын миллиондаған әйелдің жүрегін жаулаған еді. Алайда жылдар өте келе актер қатты толып, 2015 жылдан бастап тамақтың қатерлі дерті ауруына шалдыққан соң салмақ тастаған. Бүгінде актер төрт жылдан астам уақыт бойы дертімен күресіп келеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Нәзік жандылардың жүрегін жаулаған тағы бір актер Микки Рурк еді. Талай қыздың жүрегін жаралаған ол бүгінде адам танымастай өзгеріп кеткен. Көпшілік актерді пластикалық отаның құрбаны болған дейді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Ал "Терминатор 2" фильмінде көзге түскен Эдвард Фёрлонг болса өз мансабын сәтті бастағанымен, уақыт өте келе кино бизнесінен "шығып қалған". Қазіргі таңда актердің жасы 41-де. Алайда ол өз уақытынан ересек көрінеді. Бұған себеп актер ішкілікке салынып, тіпті есірткі де шеккені деуге болады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

70-80 жылдардың боевиктерінде ойнап, көптің жүрегін жаулап алған актердің бірі - Марк Дакаскос. "Америкалық самурай" кинокартинасы арқылы танылған ол бүгінде ресейлік режиссерлердің туындыларына түскен. Қазір актердің жасы 54-те.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Көпшілікке көрінбей кеткен актерлердің қатарында Василий Степанов та бар. Ол тілшілерге берген сұхбатында жұмыссыз жүргенін талай мәрте айтқан екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Бүгінгі күні "Мумия" фильмі арқылы танылған Брендан Фрейзер де адам танымастай өзгерген. Жұбайымен ажырасқаннан кейін актер артық салмақ қосқан. Десе де актер әлі де бірлі-жарым фильмдерде рөл сомдап жүр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Ал "Үлкен қаладағы секс" фильмі арқылы танылған Крис Ноттың жасы да бүгін 60-ты еңсерген. Дегенмен ол әлі күнге дейін өз сымбатын сақтап қалған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1804848-seks-simvoldar-minsiz-msinimen-eldi-esten-tandyrgan-akterler-bginde-kajda-zr/