Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметінен босатты
Опубликовано:
Украина президенті Владимир Зеленский 16 шілде күні 22 аудан әкімін қызметінен босату туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды ren.tv-ға сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украиналық көшбасшы Ровен, Харьков және Хмельницкий облыстарындағы әкімшілік төрағалары мен Киевтің Оболон және Печерск әкімшіліктерінің басшыларын қызметінен босатқан.
Мемлекет басшысының ресми сайтында пайда болған құжаттарда бұл шешімнің елдің бұрынғы-президенті Петр Порошенконың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты екені жазылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805143-zelenskij-bir-knde-22-seneunikti-kyzmetinen-bosatty/