Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде 68 өзбек азаматы уланып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Ресейдегі Самара облысында "Кошелевский посад" кәсіпорнында жұмыс істейтін 68 өзбек азаматы уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Өзбестанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Depositphotos

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, зардап шеккен мигранттардың бәрі еңбек келісіміне сәйкес, заңды жұмыс істейді.

Жұмыс беруші олардың емделуіне қаражат бөлінетінін хабарлаған.

Басылымның жазуынша, осының алдында Самара облысының тергеу комитеті 16-17 шілдеде 46 өзбек азаматының уланып, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Мигранттар ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысып, бір үйді жалдап, тамақты өздері дайындап келген. Олардың қазір неден уланғаны анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805976-resejde-68-zbek-azamaty-ulanyp-auruhanaga-tsti/

pixel