Кішкентай балаға тұрмысқа шыққан әйел жұртты шошытты (видео)
Опубликовано:
Жуырда ғаламторда шамамен 10 жастағы бала мен әйел адамның үйлену тойда түскен суреттері пайда болды. Кішкентай бүлдіршінге тұрмысқа шыққан келіншек әлем жұртшылығының жағасын ұстатты деп хабарлайды Новости Планеты сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жас бала мен әйел адамның суреттері пайда болды. Оқырмандар сурет астына балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер мен балалар саудасы және т.б. секілді тақырыптарды қозғай бастады.
Анықталғандай Джонотан есімді жігіт 20 жаста болып шыққан. Оның тойы 4 маусым күні Герреро шататындағы Хальтьянгис қаласында өтіпті.
Ер адам сирек кездесетін аурумен ауыратыны анықталды. Ол азаматтың дамуына әсер еткен екен. Қуанышқа орай, ол сырт келбетіне қарамастан ғашығын кезіктіріп, отбасы құрған екен.
Той бірнеше күнге созылыпты. Ең қызығы, суреттер желіге таратылған кезде ерлі-зайыптылардың жасы жазылған екен. Ал қолдан қолға тарағаннан кейін желі қолданушылары жастарын өшіріп тастаған. Сол себепті де осындай түсініспеушіліктер орын алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806000-kiskentaj-balaga-trmyska-sykkan-jel-zrtty-sosytty-video/