Адамзат алдағы уақытта неден жойылуы мүмкін?

Опубликовано:

Потсдам институтының ғалымдары климаттық өзгерістер жайлы зерттеу жасаған. Олар Батыс Антарктидадағы мұз аймағын қалай құтқарып қалу туралы ойларын ортаға салған деп хабарлайды korrespondent.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: korrespondent.net
Көрнекі фото: korrespondent.net: UGC

Ғалымдар аталған аймақтағы мұз ерісе, адамзатты құтқару мүмкін болмай қалатынын мәлімдеді. Олар аталмыш мұз аймағы еритін болса, Нью-Йорк, Шанхай мен Токионың бір бөлігі су астында қалатындығын айтқан.

Олар мұзды сақтаудың ең негізгі жолы - 7,4 трлн тонна жасанды қар лақтыру дейді. Зерттеушілер оны 10 жыл бойы "төсеу" керектігін айтып, оның мұзға айналу қажеттігін ескерткен. Десе де техникалық тұрғыда ондай жоспарды орындау өте қиын екен.

Ол үшін 12 мың жел турбинасы керек , ал ол экожүйеге теріс әсер етуі мүмкін дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806061-adamzat-aldagy-uakytta-neden-zojyluy-mmkin/