"Ең керемет жұмыс": Бойжеткен үздік қонақ үйлерде демалғаны үшін жалақы алады
Опубликовано:
Австралия тұрғыны Рианнон Тейлор әлемнің ең үздік қонақ үйлерін аралап, олар туралы Instagram парақшасы мен "In Bed With Me" блогына пікір қалдырып ақша табады екен деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рианнон - фотограф және журналист, оның рецензиялары кең танымалдыққа ие.
Қонақ үйлер Рианнонмен жұмыс істеуге қуанышты, себебі ол ерекше ракурстарды таба алады және қонақтар үшін аса маңызды болып табылатын ұсақ-түйектерге аса мән береді.
Бойжеткен мамық төсекке, бассейндегі судың температурасына, лоббиге әкелінген капучиноның дәмі мен сұлулығына аса мән беріп, егжей-тегжейлі әсерімен бөліседі және соның барлығын өз суреттерінен көрсете алады.
Оның әрдайым камерасы жанында жүреді. Рианнон блогер болмас бұрын жеті жыл фотограф болып қызмет еткен.
Дәл осы жайт оған тревел-индустрия өкілдерімен тығыз байланыс орнатуға және өзінің табысты жобасын іске қосуға мүмкіндік берді.
Рианнонның Instagram-да 12 мың оқырманы бар. Әрине, барлығы әлеуметтік желідегі аккаунттан басталды, содан кейін in Bed With Me веб-сайты пайда болды.
Іn Bed With Me - әлемдегі ең үздік қонақүйлер бойынша шөлдейтін ақпарат үшін неғұрлым егжей-тегжейлі және ақпараттық ресурс.
Мельбурнда тұратын ару қонақ үйлерідң шақыртуы бойынша көп жерді аралап көрді. Ол сондай-ақ саяхатқа арналған түрлі тауарлар шығаратын компаниялармен жұмыс істейді және оларды Instagram-да ақылы түрде жарнамалайды.
Бүгін ол Майамиде, ал ертең-Балиде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806162-e-keremet-zmys-bojzetken-zdik-konak-jlerde-demalgany-sin-zalaky-alady/