Қытайлық тұрғын FaceApp арқылы 18 жыл бұрын жоғалған баласын тауып алды (видео)
Опубликовано:
Қытайлық ерлі-зайыптылар 2001 жылы жоғалған баласын 18 жыл бойы іздеген. Оларға перзенттерін табуға FaceApp желісі көмектесіпті. Бағдарлама баланың қазіргі уақыттағы бет-әлпеті қандай болатынын көрсеткен екен деп жазады medialeaks.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шэньчжэнь қаласында үш жастағы баланы ойнап жүрген жерінен әлдекімдер ұрлап кеткен.
Ал Ронг және Ю есімді ерлі-зайыптылар перзенттерін 18 жыл бойы іздеуді тоқтатпаған.
Олар оның суретін қаланың түкпір-түкпіріне жабыстырып, баланы тапқан адамға үлкен сыйақы тағайындауға уәде берген.
Осыншама уақыттан кейін полиция FaceApp арқылы үш жасында жоғалған баланың қазіргі кездегі суретін жасап шығарыпты.

Бағдарлама Ю Вейфенді Гуанчжоу қаласындағы университеттердің бірінің студенті етіп көрсеткен екен.
Содан кейін тәртіп сақшылары жас жігітпен кездескен.
Басында Ю Вейфен өзінің ұрланғанына сенбесе де, ДНҚ тесті оның ерлі-зайыптылардың баласы екені анықтаған.

Полиция қазіргі уақытта адам ұрлау ісі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806649-kytajlyk-trgyn-faceapp-arkyly-18-zyl-bryn-zogalgan-balasyn-tauyp-aldy-video/