Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚХДР 17 кемеші бар ресейлік кемені жаулап алды

Опубликовано:

17 шілдеге қараған түні Солтүстік Кореяның шекарашылары 17 кемешісі бар ресейлік балық аулау кемесін басып алған. Алайда, бұл туралы күні кеше ғана белгілі болды. ҚХДР-дың кемешілерден қандай кінәрат тапқаны әзірге белгісіз деп деп хабарлайды "Коммерсантъ"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылымның хабарлауынша, басып алынған кеменің бортында 15 ресейлік және екі Оңтүстік Корея азаматтары болған,

Олар шаян аулау үшін Жапон теңізіне шықпақ болған. Алайда ҚХДР шекарашылары аяқ асты кемеге мініп, байланысты үзіп, кемені басып алған, содан кейін экипаж Вонсан портына айдалып әкетілген.

Басылым оқиғаның Солтүстік Кореядан 55 теңіз милі қашықтықта орын алғандығын атап өтті. Бұл ретте, БҰҰ Халықаралық конвенциясында мұндай ұғым жоқ екеніне қарамастан, Солтүстік Кореяның әскери қорғау аймағын еркін орнатқаны айтылды.

Құрықтау кезінде кеменің ішінде ешқандай жүк болмаған.

РФ елшісі Солтүстік Корея астанасында тұрған кемеге тек 23 шілде күні барып қайтқан. Ол теңізшілерді кемеде ұстап отырғанын, ал капитан мен оның кореялық көмекшілері қонақ үйге жеткізілгенін айтты. Қазір олар тұтқынға алынған.

Сондай-ақ, елші ұсталған азаматтардың күніне екі рет қатаң тергеу мен тінтуге алынып отырғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806892-khdr-17-kemesi-bar-resejlik-kemeni-zaulap-aldy/

pixel