Көңілді кешке 478 теңгенің көйлегін киіп келген келіншекке жұрт қызығып қалды (фото)
Опубликовано:
Британдық Лиза Барнс есімдік келіншек кешкі отырысқа қоқыс қабынан жасалған көйлек киіп келіп, қонақатрды таңғалдырған деп хабарлайды Big Picture сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

38 жаста болса да, жап жас көрінетін Лизаға құрбысы Мишель Кокс әрдайым таңданып жүретін. Мишель Барнсқа қоқыс қабын кисе де мінсіз болатынын айтқан.
Құрбысының сөзі жанына майдай жаққан Лиза, Мишель ұйымдастырған кешке қоқыс қабынан жасалған көйлек киіп барамын деп шешкен. Ерекше көйлек - әйелдің небәрі 10 минутын алған.
Үлкен пакетті V-бейнелі етіп қиған ол, сәнді қара көйлек жасап алған.

Жаңаша дизайн жасау кезінде Лизаның ұлы да анасына барынша көмектескен. Көйлек құны 1 фунт, яғни 478 теңге болған.

Құрбысының қоқыс пакетін киіп келгенін көрген Мишель есінен тана жаздапты.

Лиза үстіндегі көйлегімен кештің нағыз жұлдызы болған, бірақ бірнеше минутқа ғана. Себебі пластиктен жасалған көйлек қатты ыстық болып, әйел адамның үстіне жабысып қалған.
Бұған қарамастан, Лиза мен құрбысы ерекше туындыға дән риза болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807467-kildi-keske-478-tegeni-kjlegin-kiip-kelgen-kelinsekke-zrt-kyzygyp-kaldy-foto/