Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде төрт жасар қыздың көзінше анасын бауыздап кетті

Опубликовано:

Ресейдің Мәскеу маңындағы Раменск ауданында төрт жасар қыздың көзінше туған анасын өлтіріп кетті. Әйел адам оқиға орнында қаза тапқан деп хабарлайды ria.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kp.kz
Фото: kp.kz: Instagram

Бүлдіршінді шок жағдайында ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда күдікті ретінде әйел адамның 25 жастағы күйеуі танылып отыр.

Куәгерлердің айтуынша, әйел қызымен бірге Лесная көшесінің бойындағы үйлердің аулаларының бірінде серуендеп жүрген. Кенеттен олардың жанына көлік тоқтап, одан ер адам шығып, марқұмды пышақтай бастаған.
Әйелдің денесіне 20 рет пышақ сұғылғаны анықталған.

Тергеушілер бүгінде күдіктіні Ногинскіден тапқан. Бүгінде ер адамның не себепті мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807512-resejde-trt-zasar-kyzdy-kzinse-anasyn-bauyzdap-ketti/

pixel