Филиппинде болған жойқын жер сілкінісінен 8 адам қаза тапты
Опубликовано:
Филиппинде болған жер сілкісінен 8 адам қаза тауып, 60 адам зардап шекті деп хабарлайды mk.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылымдар таратқан ақпаратына сәйкес, 5,4 магнитудалы жер сілкінісі Батанес аралында болған.
Артынан 5,9 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі қайталанған.
Негізгі жер сілкінісінің салдарынан 5 адам қаза тапты, ал одан кейінгі жер асты дүмпулерінен тағы үш адам көз жұмған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807733-filippinde-bolgan-zojkyn-zer-silkinisinen-8-adam-kaza-tapty/