Сиқырлы әлемге ұқсайтын зәулім үй ғалам жұртының назарын аударды
Опубликовано:
Американың Орегон штатында, Ашленд тау бөктерінде Shining Ranch Hand атты үй орналасқан. Өзгелерден ерекше баспанаға аяқ басқан адам сиқырлы әлемге тап болғандай сезімге бөленеді деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ол бір қарағанда сырттай қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда үйдің іші мен дизайны Жоғары мәртебелі сұлтандардың өмір сүруіне де лайық.

Аталған үйді Орегондық сәулетші Эд Бемис салған.

825 шаршы метр үйдің қосымша аумағы болатын 283 гектар жері бар.

Мұндай үйдің құны 7,6 млн доллар. Баспана толығымен жергілікті суретшілер мен қолөнершілердің қолымен жасалған және экологиялық көздердің көмегімен жұмыс істейді.

Бөлме геотермиялық энергияның көмегімен жылытылады және салқындатылады.

Күрделі және қолмен жасалған интерьер бөлшектері үйді одан әрі бірегей етеді. Мұндағы кіре беріс есікті дайындаудың өзіне 2 жыл кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807868-sikyrly-lemge-ksajtyn-zulim-j-galam-zrtyny-nazaryn-audardy/