Британдық ару өзбек жігітіне тұрмысқа шығып, сүйіктісінің ауылына көшіп келген
Опубликовано:

Ұлыбританиялық Джейн есімді ару Өзбекстанның Нуриллохон есімді азаматына тұрмысқа шықты. Жас жұбайлар бүгінгі таңда Ферғана облысындағы Эшонгузар ауылында өмір сүруде деп жазады Zarnews басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Джейн мен Нуриллохон шетелде танысқан. Ал той жігіттің туған жерінде өткен.
Той күні өзбекше салт-дәстүрдің барлығы орындалған.
Бойжеткеннің ата-анасы оның таңдауына қарсы болмаған.
Күйеу жігіттің анасы Мухая келінін еркелетіп, Жаннат деп атайтын болып шықты.
Ал британиялық ару жаңа өмір салтына бірден үйреніп кеткен. Таңертең тұрып, үй жинайтын келін енді өзбек асханасының ұлттық тағамдарын үйреніп жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808005-britandyk-aru-zbek-zigitine-trmyska-sygyp-sjiktisini-auylyna-ksip-kelgen/