Испанияда той көйлегін киген мыңдаған әйел әлемдік рекорд орнатты
Опубликовано:
Испанияның Петрер қаласында ерекше сән-салтанатты іс-шара өтті. Мыңнан астам той көйлегін киген әйелдер әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Sedka Novias" той көйлектері дүкендер желісі ақ көйлек кигісі келетін барлық әйелдерден той көйлегін киюлерін өтінген. Дүкен, осылайша, өзінің жаңа сауда нүктесінің ашылуын атап өтпек болған.

Нәзік жандылар сәнді әрі әдемі киімдерді киюден бас тартпаған. Іс-шараға 1347 қалыңдық қатысқан. Оның ішінде тұрмыс құрған, ажырасқан және жалғызбасты әйелдер де бар.
92 жастағы Тереза Берна салтанатты шараның жұлдызы болды. Ол өзін қалыңдық ретінде өмірінде алғаш рет сезінгендігін айтып, көз жасына ерік берген. 68 жыл бұрын тұрмысқа шыққан әйелдің ол кезде той көйлегін киюге ақшасы болмапты.

«Sedka Novias» дүкенінің қалыңдықтарды бұлайша жинау тектен-тек емес. Сауда желісінің иелері әлемдік рекорд орнатқысы келген.

Әрбір қалыңдық іс-шара соңында өзінің көмегі арқылы ерекше әрі әдемі жетістікке жеткендіктері туралы жазылған сертификат алды.

.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808238-ispaniada-toj-kjlegin-kigen-mydagan-jel-lemdik-rekord-ornatty/