Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда әскери ұшақ құлап, 19 адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Пәкістан армиясына тиесілі ұшақ Равалпинди қаласындағы тұрғын үйлерге құлады. Апат 30 шілдеге қараған түні болды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: REUTERS / Stringer
Фото: REUTERS / Stringer: Facebook

Соңғы мәліметтер бойынша, әскери кеменің апатқа ұшырауы салдарынан 19 адам, оның ішінде екі ұшқыш пен үш экипаж мүшесі қаза тапқан. 16 адам жарақат алған.

Оқыс оқиға тұрғын үйлер маңында болған. Ұшақ жерге құлаған соң өртеніп, жалын жақын орналасқан ғимараттарға тез тарап кетті.

Оқиғаның себептері анықталуда. Сондай ақ, әуе кемесінде оқу-жаттығу жұмыстары орындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808245-pkistanda-skeri-sak-klap-19-adam-kaza-tapty-foto-video/

pixel