Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық суретшінің бақытты балалық шақты көрсеткен суреттері жұртты сүйсінтті

Жарияланған күні:

Ирандық Али Мири есімді суретшінің балалық шақтан сыр шертетін суреттері Instagram әлеуметтік желісінде көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Ерекше суреттер желі қолданушыларының балалық шағын естеріне түсірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Али Мири 1975 жылы Иранда туған. Жастайынан сурет салумен айналысқан ол "менің ішкі әлемім кескіндер мен суреттерге толы" дейді. Суретші сурет салу өміріндегі үлкен қуаныш екенін, қиялындағы дүниені суретке немесе мүсінге айналдырғаннан үлкен ләззат алатынын жасырмайды.

Алидің айтуынша, ол оқушы кезінен бастап графикалық дизайн жасауға туыстары мен достарынан тапсырыс алған. 1993 жылы оның алғашқы жұмыстары үлкен данамен басылып шығып, кәсіби дизайн әлеміне еніпті.

1995 жылдан бастап иллюстрациямен айналыса бастаған. Сол жылдар ішінде өзінің жұмысын Иран халқына, тіпті, шет елдерге де танытқан.

Али балалар иллюстрациясын жасауды, оларға қызықты болатындай тақырыпта сурет салуды жақсы көреді. Оған бала болған, балалармен сөйлескен ұнайды.

"Бала кезімде өзімді үлкендерше ұстайтынмын, жылдар өте есейген сайын менің ішімдегі бала Али мені басқара бастады. Балалар бейнесін, баланың әлемін ерекше және жарқын сезіммен жасаймын".

Ностальгиялық суреттерді көрген желі қолданушылары суретшіге өз алғыстарын жаудырды. Керемет әрі өте жылы суреттер оқырмандардың есіне қайғысыз балалық шағын түсірген.

"Менде әкемнің арқасын басатынмын", "Эх, қайтадан балалық шағыма барып келгендей болдым!", "Бұл шынымен де біздің балалық шағымыз. Суретшіге рахмет! Ностальгия..." деген желі қолданушылары суретшінің талантына таңданысын жасыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808321-irandyk-suretsini-bakytty-balalyk-sakty-krsetken-suretteri-zrtty-sjsintti/