Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді
Опубликовано:
1 тамыздан бастап Нидерландта қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдерге бетін бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым ресми түрде күшіне енді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Енді елде қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды.
Нидерландтың ішкі істер министрлігі полиция мен муниципалдық биліктен заңның орындалуын бақылауды сұрап отыр.
Мысалы қауіпсіздік қызметкері ниқабтағы әйелді көрсе, олар азаматтан жүзін көрсетіп жүруді сұрауға міндетті.
Ал бетін ашудан бас тартқан әйел ғимаратқа кірмеуі, 150 еуро (166 доллар) айыппұл төлеуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Дания, Австрия, Бельгия және Францияда, Швейцария мен Испанияның бірнеше ауданында, Канаданың Квебек провинциясында қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім мен бас киім киюге тыйым салынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809035-niderlandta-bet-brkemelejtin-kiim-kiuge-salyngan-tyjym-ksine-endi/