Тойларына бірнеше күн қалған жұп өздерінің 15 жыл бұрын танысқанын біліп қойған
Опубликовано:
Лондонның тұрғындары Хайди мен Эд Савитт есімді жұп 2011 жылы университетте танысып, көңіл жарастырған. Біраз уақыттан кейін үйленуге шешім қабылдаған қос ғашық өздерінің балалық шақта танысқандарын біліп қалған деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хайди мен Эд өздерін жоғарғы оқу орнында таныстық деп ойлап келген. Олар бір-бірін алғаш көргеннен ұнатып, қыз-жігіт болып жүріп, көп ұзамай үйленуді шешкен.

Үйлену тойына дейін Хайдидің анасы Кей Паркер 1997 жылы бүкіл отбасымен Түркияда демалғанын айтты. Кей Хайдидің демалыс кезінде Эд есімді ұлмен танысып, достасып, барлық уақытты бірге өткізгенін сөз етті. Осы әңгімеден кейін екі аптадан кейін Кей үйдің шатырында отбасылық альбомды ақтарып, Хайдидің Түркияда бірге демалған досымен түскен суреттерін тауып алды.

"Анам суреттерді тапқан кезде, барлығын маған жіберді. Мен расымен есеңгіреп қалдым", — деді Хайди.
Фотосуретте Хайдидың жанында оның болашақ күйеуі тұрды.

Хайди жігітіне қоңырау шалып, болған жағдай туралы айтты. Эдтың отбасы да ескі суреттерді ақтарып отырып, Хайдимен түскен суреттерін тауып алған. Жастар көп жыл бұрын танысып, университетте бір-бірін білмей, ғашық болып қалғандарына сене алған жоқ. Хайди мен Эд мұны тағдырға балады.

Үйлену тойынан кейін жұп естеліктерді жаңарту үшін балалық шағында танысқан курорттарына қайта баруды шешті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809056-tojlaryna-birnese-kn-kalgan-zp-zderini-15-zyl-bryn-tanyskanyn-bilip-kojgan/