Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та бір тәулікте екі қарулы шабуыл жасалды (видео)

Опубликовано:

мужчина стреляет из винтовки
Фото: UGC

АҚШ-та тағы да қарулы шабуыл орын алды. Бұл жолы атыс Дейтонда болды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адамның қолынан 10 адам қаза тауып, 24 тұрғын зардап шеккен деп жазады Breaking News Global сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бастапқыда Дейтондағы атыс салдарынан бір адам ғана қаза тапты деген ақпарат тарады. Алайда, артынан құрбандардың саны одан да көп екенін жөнінде мәліметтер түсті.

Басылымның хабарлауынша, мерген қала ішінде қару мен оның оқжарақтарымен жүрген.

Оқиға куәгерлері желіде атыстың дыбысы естілетін бейнежазбаларымен бөлісіп жатыр. Анықталғандай, қылмыскер қаза тапты.

ТАСС мәліметінше, ол жалғыз болмаған көрінеді. Қазіргі таңда, полиция болжалды екінші күдіктіні ұстау операциясымен айналысып жатыр. Ол оқиға орнынан Jeep маркалы көлікпен қашып кетсе керек.

Айта кетейік, бұған дейін Техастағы супермаркетте қарулы шабуыл салдарынан 20 адам қаз тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809169-aks-ta-bir-tulikte-eki-karuly-sabuyl-zasaldy-video/

pixel