Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 тамыз күні Жерге үлкен астероид жақындайды

Жарияланған күні:

Көлемі аспан асты ғимаратындай болатын үлкен астероид 10 тамызда Жерге жақындайды. Ол сағатына 16,772 шақырым жылдамдықпен қозғалуда. Бұл туралы NASA америкалық ғарыш агенттігіне сілтеме жасаған Hi-news.ru хабарлады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Ғалымдар аспан объектісіне 2006 QQ23 атауын берді. Олардың айтуынша, астероид көкті тіреген ғимараттан кем емес, ал диаметрі 600 метрге жуық.

Мамандар аспан денесінің көлемі үлкен болғанымен, жер мен жалпы ғаламшарға қауіп төндірмейтінін айтты.

Астероид алғаш рет 2006 жылы табылды. Оның нақты көлемі - 569 метр.

Жақындап келе жатқан аспан денесінің көлемін түсіну үшін мамандар оны Америкадағы биік Эмпайр-стейт-билдинг ғимаратымен салыстырды, оның жалпы биіктігі 443 метрді құрады.

Инфографика: hi-news.ru
Инфографика: hi-news.ru: Facebook

НАСА-ның планеталық қорғаныс қызметін үйлестіру басқармасының мамандары Линдли Джонсон мен Келли Фаст астероид Жерден шамамен 7,5 миллион шақырым қашықтықта ұшатындығын түсіндірді.

Салыстыру үшін олар айдың біздің планетамыздан 384 000 шақырым қашықтықта екенін, яғни шамамен 20 есе жақын екенін айтты.

Астероидтардан басқа, ғалымдар Жерге өте жақын орналасқан құйрықты жұлдыздар мен аспан денелерін бақылайды. Мамандардың сөзінше, планетаға шамамен 8 миллион шақырымға жақындаған нысандар «жерге жақын» деп аталып, олар бақылауды қажет етеді.

Сонымен бірге, ғалымдар жыл сайын планетаға шамамен 6 астероид келетінін, олардың өлшемдері 2006 QQ23-тен сәл ғана өзгешелеу болатынын айтты.

Мамандар Жер осындай көлемдегі астероидпен соқтығысса, апаттан қашып құтылу мүмкін емес дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809368-10-tamyz-kni-zerge-lken-asteroid-zakyndajdy/