Ресейде жарылып жатқан қоймада 200 мың оқ-дәрі сақталған
Опубликовано:
Қазіргі уақытта снарядтар жарылып жатқан Ресейдің Красноярск аймағындағы әскери бөлім қоймасында оқ-дәрілерді қайта өңдейтін он алаң бар. Әр учаскелік-алаңда 20 мың снаряд сақталған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәл қазір, 40 мың артиллериялық снаряд сақталған екі алаңда жарылыс болып жатыр.
20 шақырым қашықтықтағы елді-мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы мәліметтер пайда болды.
Еске салсақ, мұндай төтенше жағдай Арыс қаласында да болып, нәтижесінде мыңдаған үйлер қирап, төрт адам қайтыс болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809383-resejde-zarylyp-zatkan-kojmada-200-my-ok-dri-saktalgan/