Атамбаевты ұстау операциясы: Арнайы жасақ шабуылға көшті (видео)
Опубликовано:
Қырғызстандық 24.kg басылымының тілшісі Алмазбек Атамбаевты ұстауға арналған арнайы операция орнында жүр. Тілшінің айтуынша, арнайы жасақ шабуылға көшкен.

Экс-президенттің резиденциясы қазір қауқарсыз.
Атамбаев өзінің жақтастарымен орналасқан киіз үйге жарық-дыбыстық граната лақтырылған.
Сонымен қатар, бұрынғы басшының жақтастары қарулы күштерден оқ атпауларын өтініп, баррикада тұрғызып жатқаны хабарланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809812-atambaevty-stau-opreaciasy-arnajy-zasak-sabuylga-ksti-video/