Атамбаевты ұстау операциясы: Экс-президенттің жақтастары арнайы жасақты кейін шегіндірді
Опубликовано:
Алмазбек Атамбаевтың үйіне шабуылдау барысында экс-президенттің жақтастары қоршаудан өтіп, қарулы күштерді ығыстырды деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Арнайы жасақ үйге ешкімді кіргізбейді, бірақ Атамбаевтың жақтастары қабырғаны бұзып, ішке кіре бастады. Атыс басталды", - деп хабарлайды оқиға орнындағы тілші.
Mash Telegram-канал хабарлауынша, Атамбаевтың жақтастары резиденцияны толықтай қоршап алды. Арнайы жасақ кейін шегінген.
"Апрель" телеарнасының ақпаратынша, қарулы күштер үйге кірген. Дәл сол уақытта экс-басшының жақтастары да қабырға арқылы өтіп, үйге қарай беттеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809814-atambaevty-stau-zaktastary-arnajy-zasakty-keri-segindirdi/