Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда Құрбан айтта аста-төк дастархан жайғандар айыппұл арқаламақ

Опубликовано:

Тәжікстан билігі Құрбан айт мерекесінде кең дастархан жайғандар жазаланатынын ескертті деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тәжікстанның Дін және ұлттық дәстүрлер комиетінің баспасөз хатшысы Афшин Муким Құрбан айт мерекесі кезінде комитет қызметкерлерінің елдің бірқатар ауданында рейд жүргізіп, халық жайған дастарханды тексеретінін мәлімдеді.

Аталған шартты орындамағандарға 5 мың сомони (500 доллардан асады) айыппұл салынуы мүмкін.

Комитет өкілдері мереке күндері шағын дастархан жаюға кеңес берді. Олардың айтуынша, мерекелік дастарханға экзотикикалық жемістер емес, жергілікті дәмдер, үйде пісірілген тағамдар қойылуы керек.

Екі жыл бұрын Тәжікстан парламенті "Дәстүрлер, мерекелер және ғұрыптар тәртібі туралы" заңға өзгерістер енгізген болатын.

Соған сәйкес, Рамазан және Құрбан айт мерекелері кезінде аста-төк дастархан жаюға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810134-tzikstanda-krban-ajtta-asta-tk-dastarhan-zajgandar-ajyppl-arkalamak/

pixel