Мьянмада лай көшкінінен 59 адам қаза болды
Опубликовано:
Мьянманың оңтүстік-шығысындағы Мон штатында лай көшкіні салдарынан 59 адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Апаттан құрбан болғандардың мәйіттері толық табылмағанша құтқару операциялары жалғаса береді", – деп мәлімдеді жергілікті Өрт сөндіру қызметінің өкілі. Ол сондай-ақ жаңа көшкін болу қаупіне орай қажетті сақтық шаралары жүргізілетінін атап өтті.
Мьянмада нөсерлеп жауған жаңбырдың соңы лай көшкініне ұласқан. Жауынның салдарынан Мон штатындағы бірнеше елді-мекенді су басып, бірқатар мектеп уақытша жабылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810576-manmada-laj-kskininen-59-adam-kaza-boldy/