Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда аптап ыстық: Жеті күн ішінде 23 адам қаза тапты

Опубликовано:

Жапонияда елдің барлық жеріне тараған ыстық ауа-райынан 23 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 13 мың тұрғын ыстық өтіп, ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Токио қаласының тұрғындары ең көп зардап шеккен болып шықты. Бұл жердегі ауруханаға 1456 адам жеткізілген.

Бұдан бөлек, 977 жапондық азамат Саитама префектурасына, тағы 897 адам Оскак префектурасына жатқызылған.

ТАСС атап өткендей, мемлекеттің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 39 градусқа дейін жетіп тұр.

Зардап шеккендер мен жапа шеккендердің басым бөлігі - ауабаптағышты қолданбайтын егде жастағы адамдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810926-zaponpiada-aptap-ystyk-zeti-kn-isinde-23-adam-kaza-tapty/

pixel