Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде қанатына құс кіріп кеткен ұшақ апатты жағдайда жүгері алқабына қонды

Опубликовано:

226 жолаушысы бар "Уральских авиалиний" ұшағы Мәскеу облысының Раменск ауданында апаттық жағдайда қонды. Лайнер әуе кемесін жүгері алқабына жеткізген хабарлайды Lshot Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: @ENews112
Фото: @ENews112: UGC

Каналдың мәліметі бойынша, ұшақ "Жуковский" атындағы мәскеу әуежайынан Симферопольға бағыт алған.

Алайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғаны белгілі болды.

Фото: РИА ФАН
Фото: РИА ФАН: UGC

Барлық 226 жолаушы мен 6 экипаж мүшелері тез арада борттан сыртқа шығып үлгерді.

Ұшақ аздап өртке оранып, түтіндегені де хабарланды.

Қызыл жалынды көп ұзамай ауыздықтады.

Фото: @ENews112
Фото: @ENews112: UGC
"Келеңсіз жағдай Жуковский-Симферополь U6178 рейсінде орын алды. Жуковскийден ұшып бара жатқа уақытта ұшақтың қозғалтқыштарында құстар соқтығысқан. Соның салдарынан ұшақ апатты жағдайда қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады "Уральских авиалиний" компаниясының баспасөз қызметі.
Фото: @Lshot
Фото: @Lshot: UGC

Мамандар әуе кемесінің апатты жағдайда қонуы құстардың соқтығысуынан болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Каналдың ақпараты бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811090-resejde-kanatyna-ks-kirip-ketken-sak-apatty-zagdajda-zgeri-alkabyna-kondy/

pixel