Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда ғашық қызына барған жігітті арматурамен ұрып, тірідей көмбек болған

Опубликовано:

Тәжікстанның "Оила" басылымы қайғылы жағдаймен аяқталған махаббат хикаясы туралы жазды. Қыздың туыстары оның жігітін тірідей көміп тастамақ болған деп хабарлайды akhbor.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Бұл оқиғаны "Оила" басылымына Турсунзаде қаласының тұрғыны Гулсифат айтып берген.

Оның айтуынша, 23 жастағы Хусрав есімді жігіт Турсунзаде қаласының маңындағы Батош ауылында тұрған. Ол көрші ауылдың Санам есімді қызына ғашық болыпты.

"Санам жігітті түн ортасында кездесуге шақырған. Екі ғашық айлы түн астында бір-біріне сезімдерін білдіріп отырған кезде, қыздың әкесі және ағалары келіп қалған", – дейді Гулсифат.

Тәжік отбасылары үшін қыздың түнгі уақытта жігітпен кездесуі ар-намысты жерге таптайтын ауыр мәселе. Бұндай жағдайда тек қыздың ата-анасына емес, олардың бүкіл әудетіне тіл тиеді.

"Санамның әкесі мен ағалары сол арада жігіттің жазасын беруге шешім қабылдайды. Олар бірінші Хусравты арматурамен аямай ұрып-соққан. Сосын жерді қазып, жігітті шұңқырға тастаған. Мойнына дейін көміп тастап, Санамға үйленуін талап еткен. Ол шартпен келіспеген жағдайда, тірідей жерлеп тастайтындарын айтқан", – деп жалғастырды Турсунзаде қаласының тұрғыны.

Оның айтуынша, өмірі үшін қорыққан Хусрав қыздың әкесі мен ағаларына келісімін берген. Алайда, үйіне оралған жігіт таңғы сағат 4-те қорада асылып өлген.

Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811168-tzikstanda-kyzdy-zigitimen-stap-algan-tuystary-er-azamatty-tiridej-kmbek-bolgan/

pixel