Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлік жүргізушісі "мақтанамын" деп жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде BMW автокөлігінің көшеде жаяу кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кете жаздағаны бейнелеген видео тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнеролик Instagram парақшасындағы kazan_bas тобында пайда болды.

Кадрда автокөліктің тура жолдан лезде бұрылып, жаяу жүргіншіні қағып кете жаздағаны көрінеді. Үрейі ұшқан әйел адам қолындағы сөмкемен көлікті басқарған жүргізушіні ұра жөнелді.

Желі қолданушылары жүргізушінің мақтанғысы келгенін айтып, ролик астында түрлі пікір жазып жатты.

"Әйедікі дұрыс", "BMW білгенін істейді", "Әйел арыз жазды ма? Денсаулығына зиян келмеді ме?", "Құтырған екен", "Мақтаншақ", "Мақтаншақтық қой. Көлік айдаса, бәрі мақтанып кетеді. Ал аяқ асты бірдеңе болса, бейшара бола қалады", -деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811582-avtoklik-zrgizusisi-maktanamyn-dep-zaau-zrginsini-kagyp-kete-zazdady/

pixel