Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

Опубликовано:

Кәріс телехикаялары бүкіл әлем бойынша көрермендердің махаббатына ие болды. Сыншылар Кореяда шыққан шоулардың жетістігінің құрамдас бөлігі ретінде актерлердің тартымдылығын, сюжеттің танымалдығын, бірегей саундтректер мен зорлық-зомбылықтың жоқтығын атап айтады. 2019 жылдың бірінші жартысында көптеген қызықты телехикаялар шықты. Олар туралы толығырақ айтып береміз.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
Фото: en.wikipedia.org: Getty Images

Оңтүстік Корея ұлттық мәдениетті дамытуға көп қаржы жұмсайды, ол экспорттың мәні болып табылады және мемлекеттік бюджетке қомақты табыс әкеледі.

Кәріс дорамалары - әлемдік танымалдыққа ие болған мәдени феномен. Оларды әртүрлі елдердің стримингтік сервистері мен телеарналары қуана сатып алады. Дорама - нақты және логикалық құрылымды сақтай отырып, эпизодтарға бөлінген фильм.

2019 жылы шыққан үздік дорамалар тізімі:

"Құлай берілгендер" / «Одержимые»

2019 жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін OCN кабельдік арнасында шыққан кәріс телехикаясы. 60 минутқа созылған 16 эпизодтан тұрады.

Телехикаяға арналған музыка екі дыбыс жазатын компания — Star Entry Entertainment және Kakao M ынтымақтастығында жасалған. Телехикаяның IMDb бойынша рейтингі — 7,1 балл.

Детектив, комедия және мистикалық қоспаның сюжеті елестерді көру қабілеті бар детектив Кан Пил Сун туралы әңгімелейді. Осы қабілеті үшін оның жұмысында қиындықтар туындайды.

Ол елестерді көретін және адамдардың ойларын оқуға қабілетті көріпкел Го Джи Химен бірігеді. Оларға адамдарды зомбиге айналдыратын есірткіні таратқысы келетін кәсіпкер мен өз табынушысының денесіне кіріп алған сериялық кісі өлтіргішпен қақтығысуға тура келеді.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Одержимые» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Түрмедегі дәрігер" / «Тюремный доктор»

2019 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін KBS2 ойын-сауық арнасында көрсетілген телехикая. Көрермендер 35 минутқа созылған 32 эпизодты тамашалады. Мамыр айында арнада екі арнайы шығарылым болды. Төрт бөліктен тұратын бірегей саундтрек кәріс және ағылшын тілдерінде сегіз композициядан тұрады.

Белгілі болғандай, орысша дыбысталған кәріс телехикаялары өзге ресурстарда басқа атаумен көрсетілуі мүмкін. Бұл телехикаяны "Дәрігер-тұтқын" / "Доктор-заключенный" деп табуға болады. Оның IMDb бойынша рейтингі — 8,1 балл.

Телехикаяны медициналық драмаға әуесқойлар ғана емес, сондай-ақ қауырт триллерлердің жанкүйерлері де тамашалай алады. Сюжет басшылықпен қатынасы құртылғаннан кейін беделді клиникада емес, түрмеде жұмыс істеуге мәжбүр болған дәрігер Намгун Мин туралы айтады. Мұнда ол кек алу үшін жаңа адамдармен танысады.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Тюремный доктор» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Аспан сарайы" / «Небесный замок»

JTBC кабельдік арнасының телехикаясы Кореяда ғана емес, Қытайда да ерекше танымалдыққа ие болды. Алғашқы шығарылымдардан кейін авторлар бөлім санын 16-дан 20-ға дейін арттырды. Ол үшін арнайы екі шығарылым ұйымдастырылды.

Көрермендерге ұлттық білім беру жүйесінің кемшіліктерін ашатын дораманы тамашалау қызық болды. Қытайда білім беру жүйесі сол қағидаттарға негізделген, сондықтан телехикая Қытай көрермендеріне де жақын болды.

Дораманың танымалдығын 2019 жылы қаңтарда желіге кездейсоқ салынған екі бөлімнің мазмұны пайдаланушылар мен БАҚ арасында қызу пікірталас тудырғанынан байқауға болады. Өндіруші компания сценарийдің жария болу фактісін көпшілік алдында мойындауға мәжбүр болды.

Телехикаяның IMDb бойынша рейтингі өте жоғары, ол — 8,7 баллды құрады. Ресурстың мәліметтері бойынша, "Небесный замок" төрт марапатқа ие. Әлемде тарату құқығына "Нетфликс" стримингтік сервисі ие болды.

Түпнұсқада телехикая "SKY Castle" деп аталды. "SKY" - елдің ең беделді университеттерінің белгісі: Сеул, Коре және Енсе. Бұл оқу орындарында білім алу жоғары әлеуметтік мәртебе мен табысты мансапқа кепілдік береді. Сюжеттің ортасында - балалары SKY-ге түсу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтын, Сеулдің беделді ауданының үй шаруасындағы әйелдер.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Небесный замок» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Ашушаң дін қызметшісі" / «Вспыльчивый священник»

"Вспыльчивый священник" телехикаясы детективтік және қылмыстық жанрлардың тоғысындағы телехикаяларды көруді ұнататын әуесқойлардың көңілінен шығады. Орыс аудармасында оны "Темпераментный священник" баламалы атауымен кездестіруге болады.

Телехикая 2019 жылдың ақпан айынан қазан айына дейін SBS TV арнасында шықты. Әрқайсысының ұзақтығы 35 минут 40 эпизодтан тұрады. Бес бөліктен тұратын бірегей саундтрекке ағылшын және кәріс тілдерінде ондаған композиция кіреді. IMDb бойынша шоудың рейтингі өте жоғары - 8,4 балл.

Сюжет егде дін қызметкерінің өлімі туралы айтады. Оқиға жағдайын тергеуді полиция қызметкері мен жас дін қызметкері бастайды. Екеуінде де эмоцияналды жағынан қиындықтар бар. Олар қылмысты ашу үшін прокурор қызбен жұмыс істеуге мәжбүр.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Вспыльчивый священник» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Мойындау" \ «Признание»

Телехикаяларды онлайн көруге әуесқойлар дораманы "Исповедь" альтернативті атауымен орыс тілінде таба алады. Ол наурыз айынан бастап мамыр айына дейін TVN ойын-сауық арнасына шықты. Әрқайсысының ұзақтығы 60 минут құрайтын 16 эпизодтан тұрады. Үш бөліктен тұратын саундтрек кәріс және ағылшын тілдерінде алты композициядан тұрады.

Сюжет балалық шағында жүрегін ауыстыру отасын бастан кешкен және ғажайыптың күшімен аман қалған Чой До Хэн туралы баяндайды. Операциядан кейін оның әкесін біреуді өлтіргені үшін айыптап, өлім жазасына кеседі. Чой До Хэн өсіп, адвокат болады және әкесінің атын ақтау үшін әкесінің ісін қайта қарауды шешті.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Признание» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Асдаль хроникасы" / «Хроники Асдаля»

Корея тек драмалық фильмдерді ғана түсірумен шектелмейді. «Хроники Асдаля» — TVN телеарнасында 2019 жылдың маусым айында көрсетіле бастаған фэнтези. Фильмнің түсірілуіне «Нетфликс»-тің тікелей қатысы бар болғандықтан, «Хроники Асдаля» дорамаға тән дәстүрлі форматта емес, сервисті қолданушыларға үйреншікті форматта түсірілді.

Телехикая алты эпизодтан құралған үш бөлімнен тұрады. Әр эпизодтың ұзақтығы шамамен 70 минут. Соңғы, 17-ші эпизод экранға 2019 жылдың қыркүйек айында шығады. Телехикаяның IMDb бойынша рейтингі - 7,7 балл.

Сюжетте махаббат, саяси тартыстар, Арт ойдан шығарылған еліндегі тайпалардың өмір үшін күресі туралы баяндайды. Төрт басты кейіпкер мемлекеттегі тайпалардың өкілдері. Олардың әрқайсысы өз тайпасын басты тайпа еткісі келеді.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Хроники Асдаля» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Тәж киген сайқымазақ" / «Коронованный шут»

Тарихи телехикая, «Маскарад» (2012) филмінің ремейкі, IMDb бойынша 21 кинопремияға ие болған. Орыс тілінде «Венценосный клоун» альтернативті атауымен белгілі.

TVN телеарнасында 2019 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін көрсетілген. Телехикая барлығы 16 эпизодтан тұрады. 8 бөлімнен тұратын саундтрек 19 композициядан құралған. IMDb рейтингінде шоу — 6,3 балл жинаған. Салыстырып көрелік: «Маскарад» (2012) ресурста 7,8 балл жинаған болатын.

Сюжет Чосон мемлекетінде басшы өз өміріне қастандық жасалу қаупі бар екенін түсініп, өзінің орнына өзіне қатты ұқсайтын сайқымазақты таққа отырғызғандығы жайында баяндайды.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Коронованный шут» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Сенің жанарың" / «Свет в твоих глазах»

Телехикая 2019 жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін JTBC желісінде көрсетілген. Ол ұзақтығы 75 минут құрайтын 12 эпизодтан тұрады. Ағылшын және кәріс тілдерінде жазылған саундтрек 12 композициядан құралған 6 бөлімнен тұрады.

IMDb бойынша дорама рейтингі — 7,9 балл. Сыншылар «Свет в твоих глазах» телехикаясын JTBC желісінде шыққан телехикаялардың ішіндегі ең үздік телехикая деп атады. Ол екі кәсіпқой марапатқа ие.

Сюжет 25 жасар Ким Хе Джи жайында. Ол репортер болып жұмыс жасайды. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын әкесімен болған оқыс жағдайдың салдарынан өзінің өмірдегі орнын табуда қиналады.

Кенеттен ол уақыт арасында саяхаттау мүмкіндігіне ие болады. Ким әкесін құтқаруға талпынады, және өткен өмірде өмір сүрген оған әлдеқайда ыңғайлырақ екенін байқап, өзінің өміріне қайта оралғысы келмей қалады.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Свет в твоих глазах» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Керемет әлем" / «Прекрасный мир»

JTBC кабелді компаниясы жылдың ең үздік телехикаяларының бірі «Небесный замок» - білім туралы филмін жарыққа шығарды. Синопсис тек бір сөйлемнен құралды: «Барлығы тек үлкендердің себебінен болды». Бұл жолы барлық назар кәріс мектептеріндегі зорлық-зомбылықта болды.

Телехикая 2019 жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін көрсетілді. Ол ұзақтығы 60 минутты құрайтын 16 эпизодтан құралған. Дораманың IMDb рейтингі — 8,2 балл.

Сюжет отбасы туралы. Пак Му Джин мұғалім, ал оның әйелі Кан Ин Ханың наубайханасы бар. Олардың тыныш өмірі баласы мектеп терезесінен құлап, комаға түскенде күрт өзгереді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жағдайдың суицидке ұқсайтынын жеткізген.

Алайда Пак Му Джин мұндай болжаммен мүлдем келіспейді. Ол жұбайымен бірге мектептегі зорлық-зомбылықты зерттей бастайды. Оларға басқа жұп қарсы тұрады: жеке мектеп қорының төрағасы және оның әйелі бұзық ұлының қылмысын жасыруға тырысады. Олар бай әрі ауқатты, олар ұлдарын жазаланудан қорғап қалу үшін ештеңеден тайынбайды.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Прекрасный мир» телехикаясынан кадр: Getty Images

"Ана жігіт - псионик" / «Тот парень — псионик»

Телехикая TVN телеарнасында көрсетілген, және орыс тілінде «Этот психометрический парень» атауымен белгілі. 2019 жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін көрсетілді. Ұзақтығы 60 минут құрайтын 16 эпизодтан тұрады.

Телехикаяда басты рөлді GOT7 танымал тобының мүшесі Пак Чинён сомдағанымен, алты бөлімнен тұратын саундтректі өзге орындаушылар жасады. IMDb бойынша телехикая рейтингі — 7,7 балл.

Режиссер Ким Бонг Су тілшілерге сценарийді бес жыл бұрын жазып қойып, басты рөлді сомдайтын адамды тапқанша күткенін айтты. Пак Чинёнды көре сала, ол дәл осындай бейнені іздеп жүргенін түсінген болатын. Пак үшін бұл кино әлеміндегі алғакш тәжірибе емес, алайда тілшілердің бағасы бойынша, дәл осы телехикаяда ол өзін көрсетті. Соңғы рет ол «Легенда о синем море» туындысында 2016 жылы түскен болатын.

Пак Чинён Ли Ан есімді ерекше қабілеттерге ие жігіттің рөлін сомдады. Оның кейіпкері 8 жасында өрт кезінде екі ата-анасынан да айырылып қалған. Ол ер жетіп, полиция қызметкері болып, болған оқиғаны егжей-тегжейлі зерттегісі келді.

Жігіттің ерекше қабілеттері байқала бастайды. Ол өзге адамдардың денесіне қолын тигізу арқылы, оның өткен өмірі жайында біле алады. Осы қабілетін Ли Ан полицейлерге қылмыстарды ашуға көмектесу үшін қолдана бастайды. Оның Юн Дже Ин есімді әріптесі болады. Бойжеткен прокурор болуды армандайды.

2019 жылы шыққан кәріс телехикаялары түрлі жанрдағы хикаяларды баяндайды. Олардың қатарында детективтер, фэнтези, фантастика, романтикалық комедиялар мен әртүрлі жанрлар тоғысқан жильмдер де бар. Көрермендер өзіне ұнайтын жанрдағы жильмдерді таңдап, тамашалай алады.

2019 жылғы Корей телехикаялары: жаңа топтама
«Тот парень — псионик» телехикаясынан кадр: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811681-2019-zylgy-kris-telehikaalary-zaa-toptama/

pixel