Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстандық шенеунік зейнетақы алу үшін өзін 34 жасқа "қартайтқан"

Опубликовано:

Дағыстанның Кулецма ауылы әкімінің орынбасары зейнетақы алу үшін төлқұжатының мәліметтерін өтірік көрсеткен. Бұл туралы Левашин ауданының прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Полицияның ақпары бойынша, 28 жастағы азамат өзін 34 жасқа кәрі етіп көрсеткен. Ол өз атына жалған еңбек кітапшасын жасатып алған.

Ал құжатта оның 1985-1996 жылдары колхозда жұмыс істегені көрсетілген.

Белгілі болғандай, ол өткен жылдың басында зейнеткерлік жасына байланысты еңбек зейнетақысын тағайындау жөнінде өтініш жазған. Сөйтіп, сол уақыттан бері жалған жолмен 155 мың рубльден астам ақша алған.

Шенеунікке қарсы "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалған құжат берген орган қызметкерлеріне қызметтік өкілетін асыра пайдалану және қызмет бабында жалған құжат жасау бойынша айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812550-dagystandyk-seneunik-zejnetaky-alu-sin-zin-34-zaska-kartajtkan/

pixel