Менингиттің алдын алу шараларын білесіз бе?
Опубликовано:
Менингококкты инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда катаралдық құбылыстар байқала бастайды. Ал ондай кезде бірден дәрігерге көрініп, барлық кеңестерін орындаңыз деп жазады ERNUR.KZ.

•Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда, ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау;
• Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу;
• Созылмалы инфекция ошақтарының санация жүргізуі маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару керек;
• Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;
• Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және т. б. аулақ болу; • Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет! Серозды менингиттің алдын алу іс-шаралары:
• Кішкентай бала үшін ашық су айдынында шомылу қауіпті, рұқсат етілмеген жерге шомылуды шектеу;
• Ішуге қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
• Барлық өнімдерді, жидектер, көкөністер, жемістерді ағынды сумен жуып, қайнаған сумен шаю;
• Қолды мұқият сабынмен жуып жеке бас гигиенасын сақтау;
• Дұрыс демалу, тиімді тамақтану, спортпен айналысу, шынығу және салауатты өмір салтын ұстану керек!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812774-meningitti-aldyn-alu-saralaryn-bilesiz-be/