Тістің жауы саналатын азық түліктерді білесіз бе?
Опубликовано:
Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түліктерді атады деп хабарлайды Аргументы и Факты-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәрігердің сөзінше, тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар болып табылады.
Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.
Маман ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында екенін жасырмады. Ол бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болатынын алға тартты.
Дәрігер жасаған тізімге тісті құртатын азық түлік ретінде шала қуырылған жұмыртқа, уылдырық, кептірілген жеміс те енген.
Смирнов олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қоятынын білдірді.
Ол мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да тіске өте қауіпті екенін жеткізді. Дәрігердің айтуынша, олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады.
Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес берді.
Сондай-ақ, құрғақ тағамдар, қышқыл жеміс-жидек пен олардан дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзатын азық түлік қатарында екені белгілі болды.
Бұдан бөлек, тұздық, тосап, чука балдырынан әзірленген салат, маринадталған өнімдер, тосап, кішкентай дәнектері бар жеміс-жидектердің қызыл иекке зиян екені айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812950-tisti-zauy-sanalatyn-azyk-tlikterdi-bilesiz-be/