Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 жастағы ару өзінен 54 жас үлкен адамға тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Индонезиядағы Ява аралының 27 жастағы Нураени есімді тұрғыны өзінен 54 жас үлкен шаманға тұрмысқа шықты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: Facebook

Махаббат оқиғасы қыздың ата-анасымен бірге танымал шаманға баруынан басталған. Қыздың әке-шешесі 83 жастағы қария Судиргоның өмірлік ақыл-кеңестерін тыңдап отырған сәтте, Нураени шаманнан көзін ала алмапты.

Ол бір көргеннен ғашық болғанын түсініп, әртүрлі сылтаумен оған барып, тіпті, өзіне шақырып жүрген.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: Facebook

Судирго жас әйелдің өзіне ғашық болғанын бірден сезіпті, алайда бұған нақты сене алмаған. Шаманның да Нураениді сүйіп қалғанын біліп, оған ұсыныс жасаған.

Болашақ жұбайлар туыстарының батасын алуы тиіс болған. Ең қызығы, қалыңдықтың әке-шешесі бұл некеге оңай әрі тез рұқсат берген. Ал, күйеу жігіттің балалары Нураенидің мұндай қадамға арам пиғылмен емес, махаббаттан барып отырғанына сене алмапты.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: Facebook

Сонымен, шынайы сезім жеңіске жетіп, олар жақында ғана некеге тұрған. Жұбайлардың достары мен туыстары оларға үлкен бақыт тілейтінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1813083-27-zastagy-aru-zinen-56-zas-lken-adamga-trmyska-sykty-foto-video/

pixel