Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда 22 жастағы жігіт пен 11 жастағы қыз баланың үйленуі желідегілердің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Иранда 22 жастағы азамат пен 11 жастағы қыз бала некесін қидырған. Алайда желіде тараған тойдың видеосынан кейін Кохгилуйе және Бойерахмед провинциясының соты некені бұзуды талап еткен деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: racurs.ua
Фото: racurs.ua: Facebook

Басылым мәліметінше, кішкентай қыздың ата-анасы сотқа шақырылған. Олар жасөспірімнің туу туралы куәлігін көрсетіп, оның жасы 11-де екенін айтыпты.

Ал жұбайы 22 жаста екен. Жанұя мүшелерінің сөзінше, жастарға бір-бірін тану үшін уақыт беріледі, олар бірден күйеуі мен әйелі ретінде бірге өмір сүріп кетпейді.

Дегенмен бұған қарамастан сот қыз баланың жасына байланысты некені бұзу туралы шешім қабылдаған. Ал ата-аналар қыздың 13 жасқа келуін күтпек. Содан кейін жастар сот шешімі арқылы қайта үйлене алады.

Айта кетейік, осыған дейін желіде үлкен азамат пен кішкентай қыздың тойында түскен видеоны ирандық журналист Масих Алинежад өз Twitter парақшасында жариялаған еді.

Салтанатты кеште кішкентай қыздың көзін сүрткенін байқауға болады. Алинежадтың айтуынша, ол бейнежазбаны көргенде көзіне жас алған.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары аталған некені заңбұзушылыққа теңеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814396-irandagy-zanzal-22-zastagy-azamat-pen-11-zastagy-kyz-sayrak-kterdi-video/

pixel