Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті 20 мың доллар жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Үндістандағы Kaun Banega Crorepati телевизиялық ойынының қатысушысы Нұрсұлтан Назарбаев пен елорда жайлы сұрақтарға жауап беріп, 20 мың дорллар ұтып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Kaun Banega Crorepati әлемдегі ең танымал "Кім миллионер атанғысы келеді" телебағдарламасының үнді аналогы болып табылады.

Жуырда желіде Қазақстан астанасы мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақты қамтыған бағдарламаның кезекті шығарылымның видеосы пайда болды.

Сұрақ былай қойылды: Қай мемлекетте 2019 жылы елорда есімі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен өзгертілді?

Ойыншы Қырғызстан, Қазақстан, Косово, Кения нұсқаларының ішінен біреуін таңдау керек болды.

Қызығы, бағдарлама қатысушысы сұраққа дұрыс жауап бере алып, 20 мың долларды қанжығасына байлады.

Шығарылымның толық нұсқасын мына жерден көре аласыз>>

Қазақстан туралы сұрақты бағдарламаның 48-і минутында көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814405-kazakstan-turaly-srakka-zauap-bergen-ndi-zigiti-20-my-dollar-zeip-aldy-video/

pixel