7 жыл қатарынан ерекше суретке түскен төрт құрбы көпшілікті таңдандырды
Опубликовано:
Ресейде төрт құрбы 2012 жылдан бері бірге суретке түсіп жүрген. Жуырда бойжеткендердің бірі жеті жылдық жұмыстың нәтижесін ғаламторға жүктеп, желі қолданушыларын таңдандырды деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Суретте бойжеткендердің жылдар бойы қалай өзгергенін, есейгенін аңғаруға болады.
"Біз төрт құрбымыз, бала күнгі доспыз. Үнемі біргеміз. Арамыздағы бір қыз басқа қалаға көшуге шешім қабылдағанда жыл сайын бірге суретке түсіп тұруды дәстүрге айналдыруды жөн көрдік.

Ең алғашқы фото 2012 жылы жасалды.

Екіншісі бір жылдан кейін түсірілді. Ол суретте біз бір жыл бұрын түскен суретімізді ұстап тұрдық.

Содан кейін, суреттің көлемін ұлғайту керек деген ойға келдік..

Жеті суретте де қыздар орындарын ауыстырмай, сол қалпы реттілігін сақтап қалған.

2017 жылы сурет арамыздағы бір қыздың тойында жасалды. Сол жылы әрқайсысымыздың тойымызда осылай суретке түсетін боламыз деген келісімге келдік", - дейді арулардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814617-7-zyl-katarynan-erekse-suretke-tsken-trt-krby-kpsilikti-tadandyrdy/