Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллион кімге бұйырады?" телешоуының жеңімпазы ойынға 15 жыл бойы дайындалған

Опубликовано:

15 жыл бойы үйінің жертөлесінде дайындық өткізген неміс қорғаушысы "Миллион кімге бұйырады?" телешоуның жеңімпазы атанды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Idowa.de
Фото: Idowa.de: Facebook

Германияның Гамбург қаласының тұрғыны, 35 жастағы қорғаушы Ян Строх "Миллион кімге бұйырады?" телешоуының адал жанкүйері болып табылады. Оның айтуынша, танымал ойын Германияда пайда болғалы бері ол 1407 шығарылымның бірін де үзбей көріп келген.

Тіпті, өз үйінің жертөлесінде бағдарламаның студиясын айнытпай қолдан салып шыққан. Жарық және дауыс эффектілерін де ұмытпаған.

Ян Строх викторинаның сұрақтары мен жауаптарын мұқият зерттеген. Достарын өзі құрастырған студияға шақырып, танымал ойынды үйде ойнауды әдетке айналдырған. Үйінде ұйымдастырған телешоуының қатысушысы да, жүргізуші де өзі болған.

Ол "Миллион кімге бұйырады?" викторинасына қатысуға үнемі өтініш беріп келгенін айтады. Алайда, оның өтініші осы уақытқа дейін қабылданбай келген.

Әйтсе де, танымал телешоудың 20 жылдығына орай Ян Строхты адалдығы үшін бағдарламаға шақырған. Осылайша, арманына жеткен жігіт бас жүлдені қанжығасына байлады.

"Әрине, 16 жылға жуық уақыт бойы үйде өз викторинамды өткізуім маған басымдық берді", – дейді Ян Строх.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814744-er-adam-million-kimge-bjyrady-telesouyny-zeimpazy-bolu-sin-15-zyl-bojy-zertlede-dajyndalgan/

pixel