Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыраханадағы оқиға: Тым сабырлы ер адам тонаушыны таңғалдырды

Опубликовано:

Сырахана клиенті қарулы тонау кезінде қылмыскерді тығырыққа тіреген сабырлығының себебін түсіндірді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

АҚШ-тың Миссури штаты Сент-Луис қаласындағы сыраханада түсірлген видео желіге тарап кеткеннен кейін, 57 жастағы механик Тони Товарды жұрт "әлемдегі ең сабырлы адам" деп атап кетті.

Видеода оның өзіне қару кезенген тонаушыға қалта телефонын беруден бас тартып, тіпті, орнынан тапжылмай сырасын ішіп отыра бергенін байқауға болады.

"Кейде бұндай ұры-қарыға тойтарыс беру керек. Ол менің телефоныма қолын созғанда ішімнен "армандапсың" деп ойладым", – дейді ержүрек механик.

Аз ғана текетірестен кейін ол тонаушының қолынан телефонын күштеп жұлып алып, түк болмағандай темекісін тұтатып отыра берді. Сол кезде қаскөй одан ақша талап ектен.

"Менде бірнеше доллар ғана бар, оған тағы да сыра сатып алып ішемін дедім. Кейін ақыры сол жерде тұр екенсің, маған сыра құйып бересің бе деп сұрадым. Ол болса, жоқ, өзің құйып іш деді", – деп тонаушымен болған әңгімесін айтып берді ол.

Тони Товар адамдарды өзінен үлгі алмауды сұрап, ондай әрекеттің қауіпті екенін ескертті.

"Егер жапа шеккіңіз келмесе және өзіңізге сенімді болмасаңыз, қылмыскердің талаптарын орындағаныңыз жөн", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815015-syrahanadagy-okiga-tym-sabyrly-er-adam-tonausyny-tagaldyrdy/

pixel