Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйықтап жатқан сәбидің аяғын көкке көтерген елес желідегілердің үрейін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Американың Мичиган штатының тұрғыны Роб Мосс Ghost walkers тобына үйдегі бақылау камерасына түскен жантүршігерлік видеоны жүктеді деп хабарлайды life.eu сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кадрдан төсекте жатқан баланың аяғының әуеге көтерілгенін анық көруге болады. Роб Мосс пен оның жұбайы сәбидің жатын бөлмесінде елестің барын айтуда.

"Мен камераға елестің түсіп қалғанына 96%-ға сенімдімін. Ол таңертең менің ұйықтап жатқан 2 жасар баламды аяғынан тартты.

Видео ғаламторға маусым айының басында пайда болды. Алайда тек жақында ғана танымалдыққа ие болды.

Желі қолданушылары аталған бейнежазбаға түрлі пікір қалдырып жатты.

"Бұл елес емес. Оның жын-шайтан екеніне сенімдімін", "Балаңды мына бөлмеден әкетіп, қасыңа алып жат", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815057-jyktap-zatkan-sbidi-aagyn-kkke-ktergen-eles-zelidegilerdi-rejin-syrdy-video/

pixel