Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шынайы елестер кезіп жүретін әлемдегі ең танымал қонақ үйлерді білесіз бе?

Жарияланған күні:

Әркімге бір саяжайдағы демалыс ұнай бермейді. Егер сіз ерекше сезімдерге бөленгенді ұнатсаңыз bigpicture.ru ұсынған тізімдегі елестері бар кез келген қонақ үйге тоқтасаңыз болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әр қонақ үйдегі елестің өз тарихы бар. Тізімдегі жерлерде нағыз тарихи оқиғалар орын алған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Лос-Анжелестегі Hollywood Roosevelt қонақ үйі

Егер сіз ескі Голливудтың жанкүйері болсаңыз, бұл жер сізге арналған.

Аңыздарға сенсек, қонақ үйде танымал актриса Мэрилин Монроның елесі жүреді екен.

Келушілер ғимараттың ішінде Мэрилинге ұқсайтын ақ құба келіншектің жүретінін жарыса айтуда.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Эдинбург қаласындағы Далхаузи қонақ үйі

Бұл сарай 13 ғасырда салынып, граф Далхаузидің резиденциясы болып саналды. Ол 1977 жылы жерлерін сатып жіберіп, орнына аспа қонақ үй орналасты.

Далхаузи сарайында елесті кездестіру қиын соқпас. Көпшілік ғимараттың ішінде Кэтрин ханым деп аталатын елестің жүргенін сөз етеді.

Болжам бойынша, ол махаббаттың азабын тартып, қайтыс болған. Жаны тыныштық таппаған ару бүгінде біздің әлемімізге келіп тұрады екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Англиядағы Трактир "Ямайка" қонақ үйі

Бұл жерді танымал жазушы Дафна дю Морье өз туындысына қосты. Дафна 30-шы жылдары осы қонақ үйде қонған. Аталған ғимарат 1750 жылы бұқпа саудагерлерге тиесілі болған.

Куәгерлердің сөзінше, бұл жерден түрлі елестерді көруге болады. Сондай-ақ, үнемі аттардың жүргені, арбаның сықыры, қадамдардың даусы естілетін көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сан-Диегодағы Hotel del Coronad қонақ үйі

1887 жылы салынған қонақ үйде 1892 жылы жүкті болғанына қарамастан күйеуінен кетіп қалған Кейт Морган есімді келіншек тоқтаған. Бірнеше күн өткеннен кейін оның денесі қонақ үйдің баспалдағынан табылды.

Болған оқиға өз-өзіне қол жұмсау болып танылғанымен, тергеушілер оны біреу өлтіріп кетті деген тұжырымдама жасады.

Ал бірнеше күннен соң ол жерде әйел адамның елесі жүре бастаған. Ол өзі тұрған 302 бөлменің ішінде жүретін.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Лондондағы Langham қонақ үйі

Langham қонақ үйінің келушілері төртінші қабаттан үнемі әскери киім киген адамды көретіндерін айтады.

Шамамен бұл Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында осы қабаттан секіріп кеткен ханзаданың елесі болуы керек.

Елесті көбінесе 333 бөлмеден көруге болады. Ер адам қазан айында қонақ үйде жиі жүреді екен. Қауесеттер бойынша, қонақ үйде кезінде қонақтаған III Напалеонның елесі де жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815232-syn-elesteri-bar-lemdegi-e-tanymal-konak-jlerdi-bilesiz-be/