Тапаншадан оқ атқан әйгілі түрік футболшысы екі жылға шартты түрде сотталды
Опубликовано:
"Истанбул Башакшехир" үшін жалға алу құқығында өнер көрсететін "Барселона" жартылай қорғаушысы Арда Туран екі жыл сегіз айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Prosports.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркия ұлттық құрамасының бұрынғы көшбасшысы тапаншадан оқ атқаны және лицензиясыз қаруды сақтағаны, сондай-ақ, қасақана шабуыл жасағаны үшін сотталды. Ал сексуалдық алымсақтықтан ақталып шықты.

Айта кетейік, бір жыл бұрын Туран түнгі клубтағы әйелге тиісе бастаған. Ал ол Түркиядағы белгілі әнші Беркай Шахиннің жұбайы болып шыққан. Өз келіншегі үшін келген өнерпазға Арда соққы жұмсап, мұрнын сындырған.
Содан кейін футболшы тапаншасымен бірге жәбірленушілерге ауруханаға барған. Ол әншіге қаруды ұсынып, "Сенің әйелің екенін білмедім. Жай ғана мені ата сал" деген екен.
Алайда, Шахин бұл ұсыныстан бас тартқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816014-tngi-klubta-jel-adamga-tiisken-jgili-trik-futbolsysy-eki-zylga-sartty-trde-sottaldy/